Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан Мажарстан мен Германия құрамалары арасындағы футбол матчын тамашалады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан Мажарстан мен Германия құрамалары арасындағы футбол матчын тамашалады, деп хабарлады Ақорда.

Ақорда

Алматы, NEGE. Будапешт қаласына мемлекеттік сапармен келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен бірге Puskas Arena Park стадионына барды.

Онда УЕФА Ұлттар лигасы аясында өтіп жатқан Мажарстан мен Германия құрамалары арасындағы кездесуді көрді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті Мажарстанға мемлекеттік сапармен келген болатын.

Будапешт әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаевты Премьер-министр Виктор Орбан қарсы алды.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті