Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ваагн Хачатурян Арменияның Қазақстандағы мәдениет күндерінің ашылу салтанатына қатысты

Екі ел басшылары Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында Арменияның мәдениет күндеріне орай ұйымдастырылған салтанатты концертке барды.

Ақорда

Алматы, NEGE. Президенттер, ең алдымен, даңқты армян кинорежиссері және суретшісі Сергей Параджановтың 100 жылдық мерейтойына арналған театр фойесіндегі фотокөрмені тамашалады.

Концертте Арменияның Мемлекеттік джаз оркестрі мен Инга Аршакян, Гор Суджян секілді өнерпаздары әлемге әйгілі армян композиторлары Комитастың, Шарль Азнавурдың, Жорж Гарваренцтің және Арно Бабаджанянның музыкалық шығармаларын орындады.

Сонымен қатар 15-16 қазан күндері Астанада Армения киносының күндері өтеді. Ал Сос Саркисян атындағы «Амазгаин» театры көрермен назарына Даниил Хармс шығармасының желісімен қойылған «Лю-Беф» спектаклін ұсынады.

Қазір оқып жатыр

500 мыңнан астам қазақстандық қарызын өтей алмай жүр

Өрт сөндірушілерге кедергі келтірген көлік бүлінсе, кім жауап береді?

Жаңаөзенде қыз алып қашқан 5 адам сотталды

Қазақстанда неке сақиналары күрт қымбаттаған