Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев телефон арқылы сөйлесті

Президенттер бір-бірін келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтап, бауырлас халықтарға бақ-береке тіледі.

Ақорда

​Астана, NEGE. Мемлекет басшысы әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқыны жоғары екенін атап өтіп, оның Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың деңгейіне толық сай келетінін жеткізді.

Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге ниетті екендерін растады.

Сондай-ақ алдағы уақытқа жоспарланған кездесулер кестесін талқылады.