8 июня 2025 г. 17:29

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф телефон арқылы сөйлесті

Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф телефон арқылы сөйлесіп, бір-бірін Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

АСТАНА, NEGE. Келелі әңгіме барысында тараптар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі деңгейін жоғары бағалап, екіжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайту жолдарын талқылады. Сондай-ақ сауда-экономикалық, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықтың перспективалары сөз болды.

Әңгіме достық пен өзара түсіністік рухында өтті.