Қасым-Жомарт Тоқаев Малайзия Королі Сұлтан Ибрагимді Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Малайзия Королі Сұлтан Ибрагимді Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Ақорда

Алматы, NEGE. Қазақстан Президенті Малайзияның әлеуметтік-экономикалық бағытта жоғары жетістіктерге жеткенін атап өтті. Сондай-ақ екі ел арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король Сұлтан Ибрагимнің барлық бастамасына табыс, ал достас Малайзия халқына бақ-береке тіледі.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды