Президент метапневмовирус инфекциясының таралуына қатысты пікір білдірді

Мемлекет басшысы Еуразия ұлттық университетінің студенттері мен магистранттарына және докторанттарына арналған 2656 орындық жаңа жатақхананы аралап көрді.

Ақорда

Алматы, NEGE. Мемлекет-жекеменшік серіктестігі негізінде салынған Студенттер үйі үш заманауи блоктан тұрады. Олардың әрқайсысы студенттердің жайлы тұрмысы мен білім алуына мүмкіндік беретін коворкинг аймақтармен, кітапханалармен, спорттық және коммерциялық орындармен жабдықталған.

Жатақхана құрылысында ерекше қажеттілігі бар студенттердің де талап-тілегі ескерілген. Оның дизайны мен инфрақұрылымы кедергісіз орта қалыптастыру талаптарына сай келеді. Ғылым және жоғары білім министрі Президентке студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету, елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу арқылы академиялық хаб құру шаралары жөнінде баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстарды оң бағалап, білім беру саласындағы және жастар арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңызды екеніне назар аударды. Сондай-ақ жұртты алаңдатқан метапневмовирус туралы пікір білдірді.

– Қазір бәрі жаңа инфекция туралы айтып жатыр. Меніңше, одан даңғаза жасаудың қажеті жоқ. Сондықтан Қытаймен ынтымақтастықты одан әрі дамытуымыз керек, – деді Мемлекет басшысы.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?