Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайынан шығарып салды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге құрмет көрсетіп, елорда әуежайынан шығарып салды, деп хабарлайды Ақорда. 

Ақорда

Астана, NEGE. Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға келген болатын.

Фото: Ақорда

Сапар барысында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өтті. Сондай-ақ екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

Кеше Астанада аймақтағы мемлекеттер басшыларының қатысуымен екінші «Орталық Азия – Қытай» саммиті өтті.