Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронға көңіл айту жеделхатын жолдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ақорда

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронға Майотта архипелагында болған жойқын тайфун салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Президент қайтыс болған азаматтардың жақын-жуықтарына олардың қайғысына ортақтаса көңіл айтып, зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.