Қасым-Жомарт Тоқаев ел тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесіне барып, Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Ақорда.

Ақорда

Астана, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі сайлауды «маңызды тарихи оқиға» деп бағалап, бұл алдағы ауқымды жұмыстардың бастауы екенін атап өтті.

«Шын мәнінде,бүгін – еліміз үшін тарихи күн. Тұңғыш рет бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізіп отырмыз. Бұл – маңызды тарихи оқиға. Біз біртұтас ел болып, ауқымды реформалар жүргізіп жатырмыз. Мұны бәріңіз білесіздер, куә болып отырсыздар. Ойдағыдай нәтижелерге қол жеткіздік. Дегенмен алдымызда тұрған жұмыс ауқымды, мақсатымыз маңызды деп айтуға болады. Бүгінгі сайлау – осы жұмыстың бастауы ғана», – деді Президент.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда алғаш рет Құрылтай депутаттарын партиялық тізім бойынша сайлау өтіп жатыр. Сайлау қарсаңында жалпы 10 423 сайлау учаскесі ұйымдастырылса, оның ішінде 79 учаске 61 шет мемлекетте ашылды. Сайлаушылар тізімдеріне 12 605 788 адам енгізілген.