Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін 71 жасқа толды

17 мамыр – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. 

Ақорда

Алматы, NEGE. Президент бүгін 71 жасқа толды. 

Мемлекет басшысының кеңесшісі және баспасөз хатшысы Берік Уәли президенттің туған күніне орай ешқандай мерекелік іс-шара ұйымдастырылмайтынын атап өтті. 

«Қасым-Жомарт Тоқаев үшін бұл қарапайым жұмыс күні. Ол жұмыста болады. Бұл датаға байланысты ешқандай іс-шара жоспарланбайды, әкімшілік қызметкерлерінен құттықтаудан бас тарту сұралды», – деді Берік Уәли. 

Еске салайық, Мемлекет басшысы өткен жылдары да осындай ұстанымда болған. 

«Бұл – президенттің ұстанымы. Ол бұл күнді тойлауды ұнатпайды, өйткені оның отбасында балалардың да, ата-анасының да туған күні тойланбаған», – деп түсіндірен еді Берік Уәли.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?