Қасым-Жомарт Тоқаев Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады.

Ақорда

Астана, NEGE. Мемлекет басшысына Еуразиялық экономикалық комиссияның қызметіндегі басым бағыттар жөнінде баяндалды.

Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі жай-күйі және оның одан әрі даму перспективалары талқыланды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа 26 желтоқсан күні Санкт-Петербург қаласында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысына әзірлік барысы туралы ақпарат берілді.

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады