1 июля 2025 г. 12:16

Қасым-Жомарт Тоқаев Антикордың бұрынғы төрағасына ризашылығын білдірді

Фото: Ақорда
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.

Астана, NEGE. «Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұрынғы төрағасы Асхат Жұмағалиға белсенді әрі нәтижелі жұмысы үшін ризашылығын білдірді», – деп жазды Р.Желдібай.

Естеріңізге сала кетейік, Ақорда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ҰҚК құрамына өтетіні туралы Жарлықты жариялаған болатын.