Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Владимир Путинді қарсы алды

Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді «Ақорда» резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Ақорда

Астана, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.