Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

Бүгін, 17 мамыр күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 72 жасқа толды.

Ақорда

Алматы, NEGE. Алайда дәстүрге сай, Мемлекет басшысы туған күнін жеке атап өтпейді, бұл туралы Ақорда бұған дейін бірнеше рет мәлімдеген. Ешқандай салтанатты шаралар жоспарланбаған.

Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Әкесі — Кемел Тоқаев, Ұлы Отан соғысының ардагері, қазақ әдебиетінің танымал жазушысы. Анасы — Тұрар Шабарбаева, Алматы шет тілдер педагогикалық институтында қызмет еткен.

Апта ішінде Мемлекет басшысы Астанада Абу-Даби мұрагер ханзадасын қабылдап, Қазақстан мен БАӘ арасында 5 миллиард доллардан астам сомаға келісімдерге қол қойылды.
Сонымен қатар, Армения парламентінің спикерімен кездесті, елдің қаржы жүйесіне қатысты есеп тыңдап, Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізіп, «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасына нақты тапсырмалар берді.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?