Мекке мен Мәдинаны топан су басты

Сауд Арабиясында алапат су тасқыны болды, - деп хабарлады халықаралық ақпарат агенттіктері.

Фото: AP Photo

Алматы, NEGE. БАҚ-тың хабарлауынша, қасиетті Мекке мен Мәдина қалаларының көшелерін су басып қалды. Толассыз жауған жаңбырдан кейін жолдар "көлге" айналып, көліктерді су шайып кеткен.

Сауд Арабиясының метеорологиялық департаменті Мекке, Мәдина және Жидда қалаларында қауіптіліктің қызыл деңгейін жариялады.