1 марта 2023 г. 17:40

Кашпировскийді шымкенттік дәрігерлер аман алып қалды

Фото:

Белгілі болғандай, Кашпировский Шымкент емханасына асқазан жарасы диагнозымен түскен. Науқас үш литр қан жоғалтқан, деп хабарлады Otyrar.kz.

Алматы, NEGE. Танымал психотерапевт Анатолий Кашпировскийдің ауруханаға түскенін №1 қалалық емхана қызметкерлері айтып берген. 

«Науқас бізге 2022 жылдың қараша айында келіп, ем қабылдап, толық жазылып шықты. Ол сол кезде Шымкентте болатын. Оның асқазан ойық жарасы бар екені анықталды», - деді аурухана дәрігерлері.

Қазір науқас өзін жақсы сезінеді, деп сендірді дәрігерлер. Анатолий Кашпировский шымкенттік емхананың дәрігерлік ұжымына еңбектері үшін алғысын білдірген.

Белгілі экстрасенс-психотерапевт оңтүстікке, дәлірек айтсақ, Төлеби ауданына жиі келетіні белгілі. Айтуларынша, ол жерде Кашпировскийдің үйі бар. 

Тегтер: