Жеті ай бойы іздеу салынған вайнер Түркияда ұсталды
Бұл туралы журналист Михаил Козачков жазды.
Алматы, NEGE. Оған ақпан айында халықаралық іздеу жарияланған болатын. Бірақ жеті айдан бері хабар болмаған. Ал онымен бірге осы іске қатысы бар деп күдікке ілінген Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қамауда отыр.Түркияда халықаралық іздеуде жүрген комик-актер «Mudarabah capital» қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген Әзімжан Саидбаев ұсталды. Ол ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің бірі ретінде де айыпталуы мүмкін, – деп жазды журналист.
Бірақ Қазақстан интерполы бұл ақпаратты әзірге растамады. Әзімжан Саидбаев 1986 жылы Қырғызстанда дүниеге келген. Актер, вайнер ретінде Қазақстанда танылған. Тергеушілердің айтуынша, Төребаев, Саидбаев және Шерниязов «Mudarabah capital» қаржы пирамидасын жарнамалап қана қоймай, компанияның ортақ иелері ретінде тұрақты түрде табыс алып отырған.