Касем Сулеймани мұнайды қымбаттатып кетті

Иран генералы Касем Сулеймани АҚШ шабуылынан қайтыс болды.

Алматы, NEGE. Тез тараған жаңалықтан кейін әлемде мұнай бағасы қымбаттады. Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 11:00-де Brent маркалы мұнайдың наурыз айындағы фьючерстері 3,42 процентке қымбаттап, баррелі үшін 68,34 долларға жетті.

Ал WTI маркалы мұнайдың ақпанға фьючерстері 3,13 процентке қымбаттап, бір баррелі үшін 63,03 долларға жетті.