KASE: Доллар қайта қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы тағы өсті.

Алматы, NEGE. Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 21 қараша кешімен салыстырғанда 1, 04 теңгеге өскен.

АҚШ долларының орташа бағамы 431, 51 теңге болды. Ұлттық банктің 22 қарашадағы ресми бағамы -1 доллар үшін 430,43 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 432,05 теңгеден сатылса, сатып алу – 433, 07 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 432,05 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 433, 05 теңге.

Қазір оқып жатыр

Денсаулық министрлігі хантавирусқа байланысты үндеу жасады

Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі 79%-ға дейін өсуі мүмкін

Тоқаев: «Орталық Азия – Қытай» форматы ортақ қауіпсіздіктің үйлесімді үлгісі болуы қажет

Курчатов қаласында балабақшаның 75 қызметкерінің жеке дерегі тарап кеткен