Қасановтар отбасы мемлекеттік банк қаражатынан Алматыда екі қонақ үй салуды жоспарлап отыр

Қазақстанның Даму Банкі сайтында оңтүстік астанада қонақ үй салуға арналған екі өтінім жарияланды. Сұралған несиелердің мөлшері көрсетілмеген, бірақ құрылыс салушылар мен жобалардың түпкілікті бенефициарлары аталған.

pixabay.com

Алматы, NEGE. «KIG Stroy» ЖШС мейрамхана мен фитнес орталығы бар Meliora by Vignette Collection қонақ үйін салуды жоспарлап отыр. Жобаның түпкілікті бенефициары ретінде Мұрат Зиятдинұлы Қасанов көрсетілген. Өтінім қазір «Банк сараптамасы» кезеңіне құжаттар жинау сатысында тұр.

Екінші өтінімді – Hilton қонақүйінің құрылысын – «Trade Market 1» ЖШС тапсырған. Бұл жобаның түпкілікті бенефициары ретінде Хакан Усеинұлы Қасанов аталған. Аталған өтінім мақұлданған.

Фото: kdb.kz

Тегі мен әкесінің атына қарағанда, Мұрат пен Хакан – 2019 жылы Forbes Kazakhstan тізіміне Қазақстанның ең бай кәсіпкерлері ретінде енген Зиятдин және Усеин Қасановтардың ұлдары.

Касановтар ағайындары ірі девелоперлер ретінде танымал. Оларға Алматының алғашқы биік қонақүйі — 1977 жылы салынған «Қазақстан» қонақүйі тиесілі. Сондай-ақ, отбасы Ambassador Hotel Almaty, Premier Alatau бизнес-орталығы мен қонақүйі, Atrium және Арена сауда үйлері, сондай-ақ Түркиядағы бес жұлдызды Intercontinental Istanbul қонақүйіне иелік етеді, деп жазды Forbes.

Бұрын Зиятдин Қасанов Алматы қалалық мәслихатының депутаты, ал Усеин Қасанов Алматы облыстық мәслихатының депутаты болған.

Қазір оқып жатыр

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?

Германияда Temu мен Shein кесірінен мыңдаған адам жұмысынан айырылып жатыр

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды