Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкентте 36 млн теңгенің жымқырылғанын анықтады

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті Түркістан облысы әкімдігінің білім басқармасы әдістемелік орталығының басшысы мен екі қызметкеріне, сондай-ақ, Шымкент қаласының серіктес-тұрғынына қатысты 36 млн. астам теңгені жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуде, деп хабарлайды

ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Ақшалай қаражат орта мектеп оқушылары мен колледж студенттерін республикалық спорттық іс-шараларға дайындау шеңберінде тамақтандыруға арналған.

Жымқыру кезінде тізімдемеге спортшылардың жалған қолтаңбасы қойылған. Бюджеттен қаражат бөлінгенімен спортшылар тиісті деңгейде дайындалмаған. 

Сондай-ақ, тергеу барысында айыпталушылар тергеуді өз пайдаларына шешу үшін ЭТД жедел қызметкеріне 6 млн теңге сомасында пара бермек болған.

Әдістемелік орталықтың қызметкерлеріне жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. 

Қазіргі уақытта қылмыстық іс Шымкент қаласының прокуратурасында. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Режеп Тайип Ердоған «Қожа Ахмет Ясауи» орденінің тұңғыш иегері атанды

Қазақстанда АПВ-ға қарсы вакцинаны енді 18 жасқа дейінгі қыздар да тегін салдыра алады

Ақтауда полицей қызметтік көлікпен 1,5 жасар баланы қағып кетті

«Бәріне төрешілер кінәлі емес»: футбол арбитрлері кәсіподақ ашуды қолға алды