Қаржылық мониторинг агенттігі Руслан Сатывалдеевке қатысты істі тергеуді аяқтады

Сот сараптамалары орталығының басшысы Руслан Сатывалдеевке қатысты істі тергеу аяқталды. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов айтты.

ҚМА

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, қазір іс материалдарымен танысу рәсімі жүріп жатыр.

«Іс бойынша тергеу аяқталды. Қазір таныстыру процесі жүріп жатыр. Оны аяқтағаннан кейін сотқа жолдаймыз», – деді Ж. Елемесов.

Айта кетейік, Руслан Сатывалдеевтің ұсталғандығы туралы ақпан айында мәлім болды. Бұл ретте ол бюджет қаражатын жымқыру күдігіне іліккен еді.

Қазір оқып жатыр

Денсаулық министрлігі хантавирусқа байланысты үндеу жасады

Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі 79%-ға дейін өсуі мүмкін

Тоқаев: «Орталық Азия – Қытай» форматы ортақ қауіпсіздіктің үйлесімді үлгісі болуы қажет

Курчатов қаласында балабақшаның 75 қызметкерінің жеке дерегі тарап кеткен