Қаржы полициясының куәлігімен кәсіпкерлерді алдап келген ер адам ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше 1983 жылы туған Қанат Қоржыбаев (бұрынғы тегі Құралұлы) өзін Антикордың қызметкері ретінде таныстырып, Алматы облысындағы кәсіпорын басшысының 1 миллион теңгесін алаяқтық жолмен иемденген.

Алматы, NEGE. Алаяқ алған ақшасы үшін кәспкерге қамқорлық жасауға уәде берген.

19 қаңтарда Антикордың жалған қызметкері Алматы қаласында ұсталды.

"Тінту кезінде 2014 жылы таратылған қаржы полициясы қызметкерінің жеке куәлігі тәркіленді. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Қоржыбаев бұрын да осындай қылмыстар жасаған болуы мүмкін", - дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары.