Қаржы пирамидасын жарнамалағандарға қылмыстық жауапкершілік күшейді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пирамидалық схемаларды жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту туралы заңға қол қойды.

Алматы, NEGE.  Президент «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заң жобасының негізгі мақсаты қаржылық (инвестициялық) пирамидалық схемаларды жасағаны үшін жауапкершілікті күшейту, сондай-ақ оларды жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу арқылы азаматтардың құқықтарын қорғау құралдарын жетілдіру.