Қаржы пирамидасын құрған алаяқ ұсталды
Қарағанды облысының полицейлері интернеттің көмегімен қаржы пирамидасын құрған Өскемен тұрғынын ұстады. Алаяқ адамдарды 10 млн теңгеге алдап соққан.
Алматы, NEGE. Қаңтар айының басынан бастап Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының полиция бөліміне белгісіз әйелдің алаяқтық әрекеттерінің құрбаны болған азаматтардан өтініштер түсе бастады.
Күдікті интернет қосымшаларының бірі арқылы жәбірленушілермен байланысып, оларға үстеме табыс бизнесіне қаржы салуды ұсынды.
Сонымен қатар, қайтарым тез болды – бүгін сіз, мысалы, он мың теңге бересіз, ал ертең сіз жиырма мың теңге таза пайда аласыз. Мұндай күдік тудырар кірістілік тек аңғал азаматтарды ғана қызықтырған. Және олар ойланбастан, өздерінің термен тапқан үлкен сомадағы ақшаларын белгісіз біреуге инвестициялаған.
Кейбіреулер алаяққа 100-200 мың теңге, басқалары – 500-700 мың теңге аударған. Ал Сәтбаевтың бір тұрғыны қулыққа барған әйелге 2 млн 700 мың теңге беріп, өзінің жинақ ақшасын беріп, тәуекелге бел буды.
Адамдар алданғанын түсінген кезде олар полицияға жүгінген.
ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құқық қорғау органдары тергеуді бастады және көп ұзамай алаяқтың жеке басын анықтаған. Ол 24 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны болып шықты. Оны криминалдық полиция қызметкерлері құрықтаған.
«Сотқа дейінгі тергеу барысында қаскүнемнің алаяқтықтың он сегіз фактісіне қатысы бар екені белгілі болды. Оның үстіне, оның қармағына Сәтбаев тұрғындары ғана емес, Нұр-Сұлтан тұрғындары да ілінген. Алаяқтың келтірген залалының шамамен жалпы сомасы 10 млн теңгені құрады», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Полицейлер егер интернет алаяқтардың құрбаны болған жағдайда, онда оған қажетті тексерулер жүргізу және қылмыстық іс қозғау үшін тұрғылықты жері бойынша құқық қорғау органдарына жүгіну қажет екенін ескертеді.
Мұндай жағдайларға тап болмас үшін интернетте күмәнді мәмілелер жасамау керек. Қысқа уақыт ішінде жоғары кірістілік туралы уәде қаржы пирамидасының алғашқы белгісі болып табылады.