Қаржы нарығын реттейтін агенттік Алматыда орналасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады. Бұл жайында Ақорданың ресми сайты мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдина Әбілқасымоваға банк жүйесін тұрақтандыруды және қаржы секторын дамытуды қамтамасыз етуге қатысты бірқатар нақты тапсырма берді. Сондай-ақ, жаңа агенттіктің Алматы қаласында орналасатыны айтылды.

Бұған дейін Nege.kz Әбілқасымованың тағайындалуын кейбір сарапшылардың салқын қабылдағанын жөнінде жазған болатын.

Оқи отырыңыздар: Әбілқасымованың жаңа креслосы: Сарапшылар не дейді?

 

Мәдина Әбілқасымова Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі болып бір жыл қызмет атқарды. Осы уақыттың ішінде Елордадағы 5 жеткіншектің өліміне қатысты дауда сын садағына ілігіп, кейіннен Сағынтаев кабинеті отставка кеткенде министр креслосын босатқан болатын. Жаңа агенттікке тағайындалмас бұрын, Ұлттық Банк төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.  

#тоқаев #әбілқасымова #токаев #абылкасымова

Қазір оқып жатыр

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы

Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау жұмысы аяқталды