27 сентября 2022 г. 14:02
Қаржы министрлігі президент сайлауына қажетті соманы бекітті
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауына 20,5 млрд теңге жұмсалатынын премьер-министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.
Алматы, NEGE. Үкімет отырысында журналистер Ерұлан Жамаубаевтан "Орталық сайлау комиссиясының президент сайлауына 20,5 миллиард теңге бөлу туралы өтінішін Қаржы министрлігі қанағаттандырды ма?" деп сұрады.
– Иә, мен мақұлдадым, – деп жауап берді Ерұлан Жамаубаев.