Қаржы министрлігі екі күн бойы облигацияларын сата алмай отыр

Қаржы министрлігі кеше Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-300, ал бүгін МЕУКАМ-120 облигациялық шығарылымдарын орналастыра алмады. Министрліктің ұзақ мерзімді құнды қағаздарына жекеменшік инвесторлардың бірде бірі қызықпай отыр.

Қазақстан қор биржасы кешке таман "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі берілген өтінімдер бағасын жеткіліксіз деп тапқандықтан, мамандандырылған сауда-cаттықты орын алды деп есептемейді" деп жариялады. Министрлік 3 және 7 жылдық мерзімге 6 миллиард теңге сомасына қазынашылдық құнды қағаздарын сатуға шығарған болатын. Сауда-саттыққа шектеулі лимиті бар екі ойыншы ғана қатысты.

Қаржы министрілігінің қағаздары кеше де өтпеді. Ол туралы KASE "10 наурызда Қазақстан қор биржасында өткізілген МЕУКАМ-300 (KZKD00000725) бірінші шығарылымын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық іске аспады" деп жазған еді. МЕУКАМ-300 санаты бойынша 30 миллиард теңге сомасындағы облигациялар бірде бір шектеулі қарама-қайшы өтінімдер қабылданбай, сол күйі сатылмай қалды. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады