Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?

Желіде Қаржы мониторингі агенттігінің әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді пайдаланушыларды «жаппай аңдитыны» туралы ақпарат тарады. 

freepik.com

Астана, NEGE. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы бұл мәліметті теріске шығарып, мән-жайды түсіндірді. Орталық өкілдерінің мәлімдеуінше, желідегі жеке хабарламалардың «бақыланатыны» туралы ақпараттар шындыққа жанаспайды және бұл қоғамды әдейі жаңылыстыру әрекеті болып саналады.

«Іс жүзінде агенттік ұсынған Интернеттегі тыйым салынған контенттің таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі қағидалар тек ашық әрі жалпыға қолжетімді деректерді (қаржы пирамидаларын жарнамалауға, онлайн-казинолар мен заңсыз лотереяларды насихаттауға қатысты жарияланымдар мен репосттарды) мониторингілеуге бағытталған.

Бұл қағидаларда азаматтардың жеке хат алмасуына ешқандай мониторинг жүргізу көзделмеген», – делінген хабарламада.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы цифрлық контент авторларын ақпаратты жариялау кезінде жауапкершілікпен қарауға, фактілерді бұрмаламауға және азаматтардың шынайы ақпарат алу құқығын құрметтеуге шақырады.

Қазір оқып жатыр

Өскеменде полицейді жарақаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды

Альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді