Қаржы мониторинг агенттігі «СК-Фармациядағы» қаржы жымқыру дерегін тергеп жатыр

Қазақстанның Қаржы мониторингі агенттігі «СК-Фармация» ЖШС-іне қатысты бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы агенттік төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов хабарлады.

СК-Фармация

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, аталған фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Алайда, тергеу құпиялығына байланысты егжей-тегжейлі ақпарат әзірге жария етілмейді.

Тергеу Мәжіліс депутаттары Бақытжан Базарбек пен Мұрат Әбеновтің өтінішінен кейін басталған. Бұған дейін Жоғары аудиторлық палата дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласында жалпы сомасы 741 млн теңге көлемінде заңбұзушылықтар анықталғанын хабарлаған болатын.