Қару-жарақ ұрлап, ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері қару-жарақ ұрламақшы болғандарды ұстады,  –  деп хабарлайды ҰҚК сайты.

Алматы, NEGE. Комитеттің мәліметінше, Алматы қаласы мен Алматы облысының 10 тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Заңсыз айналымнан 3 «Калашников» автоматы, 3 гранатаатқыш, 2 жауынгерлік граната, 14 пистолет, 1700-ден аcа патрон мен қарудың керек-жарақтары алынды.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ішкі істер органдары қызметкерінің қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысу фактісі анықталды. Лауазымды адам ҚР ІІМ теңгерімінде тұрған оқ-дәрілерді ұрлауды жүзеге асырған. Сонымен қатар, қару құрастыру бойынша жасырын шеберхананың әрекеті тоқтатылды», –  делінген комитеттің сайтында.

27 қаңтарда Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен сотталушылар әртүрлі мерзімдерге бас бостандықтарынан айыруға сотталды.

Қазір оқып жатыр

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды

Альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Қазақстанда тағы бір блогерге іздеу жарияланды

Алматыда ер адам 12 жастағы балаға пышақпен шабуыл жасап, гитарасын тартып алмақ болған