Қарулы қақтығыстан 6 бала қаза тапты

ЮНИСЕФ растаған мәліметтерге сәйкес, кеше түнде Сирияның солтүстік-батысында басталған зорлық-зомбылық салдарынан алты бала қаза тауып, тағы біреуі жарақат алды.

Алматы, NEGE. ЮНИСЕФ-тің Таяу Шығыс және Солтүстік Африка бойынша аймақтық директоры міндетін атқарушы Бертранд Бенвелдің айтуынша, өткен түнде Сирияның солтүстік-батысында, атап айтқанда шекаралас Атмех қаласында кең ауқымды қарулы қақтығыс болды.

Келіп түскен мәліметтерге сәйкес, халық тығыз орналасқан аймақтарға зақым келген. «Жыл басынан бері көмекке зәру 1,2 миллион бала тұратын солтүстік-батыс Идлиб провинциясы мен оның маңындағы аудандарда зорлық-зомбылық айтарлықтай өршіп кетті», - деді ЮНИСЕФ өкілі.

Сирияның осы бөлігіндегі көптеген отбасылар зорлық-зомбылықтан құтылу үшін аталған ауданға қоныс аударған көрінеді.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр