Қаруланған ер адам Астанадағы Kaspi банк ғимаратында тұрғындарды тұтқында ұстап отыр

Елордада «Керуен» сауда орталығы маңайындағы Kaspi банктің ғимаратында қаруланған ер адам тұрғындарды кепілге алған.

Алматы, NEGE. Достық көшесіндегі Каспий банкінің ғимаратында ер адам мекемеге келушілермен бірге ішінен есікті құлыптап алған туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды polisia.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам қарулы.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері, ер адаммен келіссөз жүргізуде.

Тәртіп сақшылары елорда тұрғындарынан сабыр сақтап, құзыры органдардың өз жұмысын жүргізуге мүмкіндік берудi сұрайды.