Қару үйде қалай сақталу керек?

Алматы облысының полициясы үйде қару сақтаудың тәртіптері туралы ескертті

Алматы, NEGE. Тәртіп сақшылары таратқан ақпарат бойынша қару мен оның оқ-дәрілерін сақтаудың арнайы талап-тәртіптері бар, деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Олар азаматтық, қызметтік қару мен олардың оқ-дәрілерін сатып алу, беру, есепке алу, сақтау және қолдану тәртібі жазылған заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерде жазылған. 

«Қару иесі пәтерде тұрған жағдайда, қару еденге немесе қабырғаға мықты орнатылған темір жәшікте немесе сейфте сақталуы тиіс. Оның қабырғасының қалыңдығы 3 мм кем болмауы қажет және ішкі құлпы берік, қару иесінен өзге адамдарға құпия болуы керек», - деді Алматы облысы ПД Әкімшілік полиция қызметі басқармасының бөлім бастығы полиция майоры Юрий Пак.

Қарулар мен олардың оқ-дәрілерін сақтаудың жағдайы мен тәртібін бұзған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 484-бабына сәйкес 10 айлық есептік көрсеткіштен 40 АЕК дейін айыппұл салып, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 

Қазір оқып жатыр

Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

Тоқаев пен Пезешкиан бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады