Қару асынған әжей

Американың Жаңа Орлеан қаласында әжей немересін ауруханадан «алып кету үшін» шабуыл жасады. Бұл туралы Fox News хабарлады.

Алматы, NEGE.  Телеарнаның хабарлауынша, 66 жастағы Эвелин Миллер 14 қаңтарда қолына қару алып, Окснер жергілікті ауруханасының педиатрия бөлімшесіне барған. 
Ол ауруханаға кіре салып, 12 жастағы немересін шығаруды талап еткен. Қызметкерлер қарсылық көрсеткен кезде әжей қаруы бар екенін айтқан.

«Оқиға орнынан қашқан кезде ол бір мейірбикені итеріп, күзетшіні көлігімен қағып кеткен», – деп мәлімдеді жергілікті полиция қызметкері.

Құқыққорғау қызметкерлері немере қызын ертесіне тапты. Ал әжесіне баланы ұрлағысы келді деген айып тағылды.

Қазір оқып жатыр

«Газ баллонын ашып, әдейі өрт тұтатқан»: Шахтинскідегі жарылыстың мән-жайы айтылды

Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеуші қаза тапты

Трамп Иранның электр станцияларына соққы жасауды бес күнге кейінге қалдыруды тапсырды

Тоқаев Иранның БАӘ аумағын бомбалауына алаңдаушылық білдірді