Қарттар үйі өртенді
Бүгін таңертең Қарабалық ауданындағы Қарттар және мүгедектер үйінен өрт шықты.
Алматы, NEGE. Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
Қарабалық аудандық басылымының хабарлауынша, қарттар және мүгедектер үйінің тұрғындары мектеп жанындағы «Жас талап» интернатында орналастырылып жатыр.
Ал ерекше күтімге мұқтаж адамдар аудандық ауруханаға жатқызылды.
Өрт туралы таңғы 7:30-да хабар келді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткенде ғимараттың шатыры қатты жанып жатқан.
«Қарабалық аудандық Қарттар және мүгедектер үйінен 51 адам эвакуацияланды. Бұл – облысымыздың мүгедектігі бар 13 адам мен 38 қария», - деп баяндады облыстық ТЖД бастығы Біржан Кәрімов.