Картон қораптар шығаратын кәсіпорын өртенді

Ақмола облысы Целиноград ауданының Ақмол ауылындағы картон қораптар шығаратын «Экопак Астана» ЖШС-ның екі қабатты ғимараты өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE.  Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт  кешке қарай тұтанды. Тілсіз жауды ауыздықтауда ғимараттың екінші қабатында картон қораптар шығаратын цехтың орналасуы қиындық туғызуда. «Картон қағаздарды жалын лезде шарпуда. Бастапқыда өрт аумағы 200 шаршы метр болса, қазір 800 шаршы метрге дейін ұлғайды. Қызыл жалын ғимараттың сыртына тарауда. Өртті сөндіруге Ақмола облыстық ТЖД жеке құрамынан 11 адам және 3 өрт сөндіру техникасы, сондай-ақ елордадан қосымша өрт сөндірушілер жұмылдырылды. Оқиғаның себебі анықталып жатыр», - деді ведомстводан.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты