Қарсылық таныту басталды: Ресейдегі әскери комиссариаттардың бірінде атыс болды

Ресейдің Иркутск облысы Усть-Илимск қаласының әскери комиссары атыс салдарынан ауыр жараланды.

Алматы, NEGE. Иркутск облысының губернаторы Игорь Кобзев  жас жігіттің военкоматқа оқ жаудырғанын айтты.

Аймақ басшысының айтуынша, «әскери комиссар Александр Владимирович Елисеев өте ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр, дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде».

Атысты 25 жастағы жергілікті тұрғын Руслан Зинин ұйымдастырған. Ол ғимараттың ішіне кіріп, «ешкім соғысқа бармайды» деп, алдымен военкоматтың бастығы Александр Елисеевке мылтықтан алты рет оқ атқан. Оқиға видеоға түсірілген.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті