Кәрім Мәсімовтен тәркіленген зәулім үй балаларға берілді
Астанадағы коттедж Білім беру министрлігінің қарамағына өтті.
Алматы, NEGE. Онда Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы орналаспақ.
«Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар санының артуына байланысты ел бойынша арнайы және инклюзивті білім беру ұйымдарының желісін кеңейту туралы шешім қабылданды. Бас орталық Алматы қаласында орналасқан РМҚК «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығында» шоғырланады. Ал басқа өңірлерде, соның ішінде Астанада да, филиалдар ашылады.
Мұндай тәсіл бірыңғай ғылыми-әдістемелік базаны қамтамасыз етіп, мамандарға, ата-аналарға және балаларға қолайлы жағдай жасайды, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарының қызмет тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы.