Кәрім Мәсімовтің ісі бойынша тәркіленген зәулім үйден алынған бағалы заттар аукционға қойылды

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы Электронды сауда алаңы арқылы ұзын-сонар заттар тізімін сатуға шығарды.

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы

Алматы, NEGE. Олардың арасында інжу тастары бар білезіктер мен алқалар, бижутерия, коллекциялық, естелік және инвестициялық монеталар, ұлттық өрнекпен безендірілген былғары белдік, қылыштар, қанжарлар, балталар, пышақтар мен сувенирлік қаламсаптар бар.

Мысалы, Montegrappa Italia маркалы авторлық қаламсап 628 мың теңгеге бағаланса, мүйіз сабы бар қылыш – 582 мың теңге, әшекейленген қыны бар кавказ қанжары – 198 мың теңге тұрады. Ал тұтқасы қолтырауын басы түрінде жасалған, дамаск болатымен соғылған пышақ 95 мың теңгеге сатылып жатыр.

Ең қымбат лот – номиналы 200 доллар болатын Elizabeth II естелік монетасы. Оның бағасы – 3,1 миллион теңге.

Аталған заттар Астанада орналасқан, ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің ісі бойынша тәркіленген зәулім үйдегі мүлік тізімімен толық сәйкес келеді. Бұған дейін бұл жер телімі жеке меншік құқығымен олигарх Кеңес Рақышевке тиесілі болғаны хабарланған еді.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысы аумағына дрон құлады

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды жоспарлап отырған жоқ

Алимент төлеуден жалтарғандарға көмектесетін компаниялар тексеріске ілігеді

Мәжіліс Президент пен Құрылтай туралы заң жобаларын жұмысқа қабылдады