Кәріз ұрылары ұсталды

Түркістан облысында кәріз қақпағын ұрлайтындар тұтқындалды, – деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі өңірдің полиция басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Алматы, NEGE. Сайрам аудандық полиция бөліміне көше кәріздерін қамтамасыз ететін фирма өкілдері хабарласып, бірер айдың ішінде 80 кәріз қақпағын белгісіз біреулердің ұрлап кеткені жөнінде шағым түсірген. Әрбір қақпақтың өзіндік құны 13 мың теңге, ал, жалпы шығын 1 миллион теңгеге жуықтаған. Аталған факт тіркеліп, аудандық полиция ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бақылау камераларының көмегімен, көп ұзамай Сайрам ауданының екі тұрғыны тұтқындалды. Үшіншісі іздестірілуде.

Күдіктілер кәріз қақпақтарын қолды етіп, темір-терсек қабылдайтын жерге өткізгендерін мойындаған.

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды