Қарин: Президенттің бастамаларын іске асырудың жаңа кезеңі басталды

ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин президенттік бастамаларды іске асырудың жаңа кезеңі басталғанын жазды.

Алматы, NEGE.  Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың 20 желтоқсанында Ұлттық сенім кеңесінің екінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке бірқатар тапсырма жүктеген болатын. 

«Осыдан бұрын хабарлағанымдай, Ұлттық кеңестің екінші отырысынан кейін, Президент Әкімшілігінің жетекшісі қолымен Президенттің жаңа бастамаларын жүзеге асыру бойынша Жоспар бекітілді. Осы жоспарға сәйкес тиісті мемлекеттік құрылымдар қаңтар айында саяси реформалар бағытына қатысты әр бастама бойынша заң жобаларын дайындау қажет болатын. Бірнеше күн бұрын бұл жұмыс аяқталды. Енді президенттік бастамаларды жүзеге асырудың жаңа кезеңі басталғалы жатыр. Заң жобалары мүдделі мемлекеттік органдармен келісілгеннен кейін, ғылыми лингвистикалық экспертизадан өтіп, және Үкіметтің отырысында талқыланғаннан соң, олар Парламентке қалыптасқан тәртіпке сәйкес қарастыруға енгізіледі. Сонымен, Президенттің Ұлттық кеңестің екінші отырысында жариялаған бастамалары белсенді жүзеге асырылуда», - деп жазды Қарин facebook парақшасында.

Қазір оқып жатыр

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды