22 мая 2023 г. 14:02

Кәрім Мәсімов сот үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсірді

Фото:

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов шығарылған үкімге қатысты апелляциялық шағым түсірді.

Алматы, NEGE. Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қазақстан Республикасы ҰҚК-нің сотты болған бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов апелляциялық шағым түсіргенін мәлімдеді.

"Бірақ іс "Аса құпия" белгісімен қаралғандықтан, әзірге іс апелляцияға түскен жоқ, басқа мәліметтер жария етуге жатпайды", – делінген сот хабарламасында.

Тегтер: