Кәрім Мәсімов пен оның экс-орынбасарлары терроризмді қаржыландырғандардың тізіміне енді

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізіміне қосылды.

Алматы, NEGE. Қаржы мониторингі агенттігінің сайтындағы хабарлауынша, 1 шілдеде тізімге бірқатар тұлғалар қосылды.

Олардың қатарында Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарлары – Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов пен Дәулет Еділұлы Ерғожин бар.