Кәрім Мәсімов хал үстінде жатыр
«Мұрттыға» тез арада медициналық көмек көрсетілуі тиіс екен. Мәсімовті абақтыдан босатып, ауруханаға жеткізу керек.
Бұл туралы әзір ғана karimmassimov.com сайты хабарлады.
Алматы, NEGE. Сайттың мәліметіне қарағанда, Кәрім Мәсімов көп жыл бойы көптеген созылмалы кеселмен күресіп келеді, соның ішінде жүректің ишемиялық ауруына шалдыққан.
Әлгі ауру Мәсімовтен былтырғы жылдың көктемінде анықталған екен.
Абақтыға қамалғалы бері Мәсімовтың жағдайы күрт төмендеп, ескі сырқаты қайта қозыпты.
«Заң бойынша қоғамға зияны жоқ, ауыр дертке шалдыққан тұтқындар түрмеден босауға құқылы. Мәсімовтың жағдайын білетін дәрігерлер оны дереу босатуды талап етуде. Тиісті ем-дом жасалмаса, айырылып қалуымыз мүмкін...», – дейді ҰҚК-ның экс-төрағасына тиесілі сайт.