Карим Бензема «Алтын доп» иегері атанды

Франция құрамасының шабуылшысы Карим Бензема "Алтын доп" иегері атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматы, NEGE. "Реал" капитаны өткен жылы Ла Лигада өткізген 32 матчта 27 гол салып, 12 нәтижелі пас берді. Сонымен қатар, Чемпиондар Лигасында алаңға 12 рет шығып 15 гол соқты. "Бланкос" сапында Испания біріншілігін жеңсе, Чемпиондар Лигасының финалында "Ливерпульді" ұтты. 

Осыған дейін француз футболшыларының ішінде "Алтын допты" Раймон Коп (1958), Мишель Платини (1983, 1984, 1985), Жан Пьер-Папен (1991) және Зинедин Зидан (1998) алған.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды