31 мая 2020 г. 7:09

Карикатура сөйлесін...

Фото:

Бүгін – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.

Өткен ғасырдың  отызыншы жылдары Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырап, 25 мың адам ату жазасына кесілді. Дәл осы жылдары еліміздің ғылым, мәдениет, әдебиет, саясат саласының кіл қаймақтары атылып кетті немесе із-түзсіз жоғалды.

Қолдан жасалған ашаршылық зұлматы туралы деректер тіпті сұмдық. Қазақ халқын тұтастай жойып жіберуге шақ қалған Кеңестік жүйе жасаған геноцид халықаралық деңгейде әлі мойындалған жоқ.

1997 жылы ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес, 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды.

Ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Nege.kz суретшісі Ғалым Смағұлдың карикатуралар топтамасын назарларыңызға ұсынамыз.

Тегтер: