Кариб теңізі елдері дауылға дайындалып жатыр

Табиғаттың тосын мінезіне Кариб теңізі елдері алдын ала қамдануда. Мексика мен Куба «Дельта» дауылына дайындалып жатыр.

Алматы, NEGE. Атлант мұхитында пайда болған дүлей желдің екпіні күшейіп, САффир-Симпсон межесі бойынша төртінші дәрежеге дейін көтерілген. Жылдамдығы сағатына 230 шақырымға жетеді. Мексиканың Кинтана-Роо аймағында 80-нен астам қауіпсіз орындар ашылған. Кей қалада жергілікті тұрғындар мен туристерді эвакуациялау жүріп жатыр. Синоптиктер Дельта дауылы Кайман аралдары, Кубаның батысы мен Мексиканың ЮкатАн түбегіне бүгін жетіп, нөсер жауады деп ескертуде.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: «БҰҰ Жарғысы тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес»

Әдеп сақтамаған депутат жиында сөз сөйлеу құқығынан уақытша айырылады

«36 айлық көлемінде бонус алған»: QazaqGaz жауап бер(ме)ді

️Ресей Қазақстан мұнайын Германияға тасымалдауды тоқтатады: министр мән-жайды түсіндірді