Каратэші Дархан Асәділов жартылай финалға шықты

Қазақстандық каратэші Дархан Асәділов Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты.

Алматы, NEGE. А тобында өнер көрсеткен каратэші үшінші қарсыласы жапон Саго Наотоны 3:0 есебімен жеңіп, мерзімінен бұрын жартылай финалға жолдама алды. Демек, Асәділовтің еншісінде кем дегенде қола медаль бар. 

Айта кетейік, қазақстандық каратэші алғашқы кездесуінде 6:2 есебімен басым түскен еді. Кейін әзербайжандық Фирдоуси Фарзалиевті де 6:2 есебімен жеңген болатын. 

Дархан Асәділов - каратэден Қазақстан құрамасындағы ең тәжірибелі спортшы, жасы 33-те. 2010 жылы АЗия чемпионы атанған. 2008 жылы әлем чемпионатында күміс, 2018 жылы қола медаль жеңіп алған. Еншісінде Азия чемпионатынан бірнеше жүлде бар. 

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады