Каратэші Данияр Юлдашев Азия ойындарының алтыны үшін таласады

Данияр Юлдашев финалға шығып алтынға таласады.

Алматы, NEGEҚ. ытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық каратэші Данияр Юлдашев финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлем біріншілігінің қола жүлдегері, екі мәрте Азия чемпионы Д.Юлдашев 84 келіге дейінгі салмақта үш қарсыласын жолдан тайдырды.

Қазақстандық спортшы таиландтық Тиирапат Канабкаевты 6:2, 2018 жылғы Азия ойындары мен әлем чемпионатының жүлдегері, тайбэйлік Чун Вей Вуды 7:4 ұтты. Содан кейін жартылай финалда иорданиялық, екі мәрте Азия чемпионы Мохаммед Алжафариді 4:0 есебімен тізе бүктірді.

Данияр Юлдашев финалда малайзиялық Бин Аб Маликпен алтын үшін таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жәмила Бақбергенованың Азия ойындарының күміс жүлдегері атанғанын жазған едік.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр